Текст
Тәлімгер менің түсінігімше, мектептің тәрбие жұмысына үнемі атсалысып, балаларға қамқор боп жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жан. Өйткені тәлімгер балалардың ортасында жүріп, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуына, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізетін жан.Біздің мектептің тәлімгері Балабекова М.Ю. өзінің тәлімгерлік шеберлігінің ,өнерлілігінің арқасында Атбасар ауданында болған "Тәлімгер-2019" сайысында 24 үміткердің арасында оқ бойы озып шығып,жүлделі 2- орынды жеңіп алды.Біздің метктебімізде осындай өнерлі мұғалімдер мен оқушылар бар екеніне қуаныштымыз және оларды мақтан тұтамыз!