Текст
Айтыс түрлерін жаттау мақсатында "АйтыSTAR" сыныптан тыс іс-шарасы өтті. 5-сынып оқушылары ойын-сауық айтыстарының бір түрі - "Жар-жар", ал 7-сынып оқушылары Біржан мен Сара айтысынан үзінді оқыды. Жар-жардың бір ерекшелігі, өзге үйлену салт өлеңдеріне қарағанда, белгілі бір қалыпқа түскен сөзі мен әні болады, көпшілік жағдайда жұрт оны жаттап алып айтады. Күйеу жағы қуанышты, көтеріңкі әнмен айтса, қыздар тобы көбінесе мұңды, қайғылы үнмен айтады. 8-сынып оқушылары әділқазылар алқасы болып, әділ шешімін берді.