Текст
Қазақ тілі пәні апталығы аясында 9-сынып оқушыларымен "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" интеллектуалды сайыс өтті. Оқушылар "Алғырлар" және "Білгірлер" болып екі топқа бөлінді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең "Жедел жауап" деп аталды. Бұл кезеңде әр топқа Қазақстан тарихынан 10 сұрақ қойылды. 2-кезеңде сөздердің ұйқастарын табу болса, 3- кезең жұмбақтар сайысы болды. Нәтижесінде "Білгірлер" тобы 46 ұпаймен жеңіске жетті.