Текст
2024 жылғы 13 ақпанда Ново-Мариновка ауылының орта мектебінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен "Балаға үй тапсырмасын орындауға қалай көмектесуге болады"тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Сынып жетекшісі Пфейфер г.а. ата-аналарды үй тапсырмасының ұзақтығымен, оқу қиындықтарының себептерімен, Білім Министрлігінің бірыңғай талаптарымен таныстырды. Балаларға үй тапсырмаларын орындау бойынша көмек көрсету бойынша ұсыныстар берілді.